Bugin
Аурухана дәрігерлері айтты
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Шамалғанда жарақат алғандардың сол күйі ауыр жағдайда жатқанын хабарлады.
Ал 15 қыркүйек күні 2014 жылы туылған кішкентайға қызға ота жасалған екен. Оны Алматыдағы балалар клиникалық ауруханасы мен қалалық аурухананың нейрохирург мамандары жасаған. Алайда қыздың жағдайы әлі де ауыр.
Ал 2016 жылы туылған екінші кішкентай қыздың жағдайы бұдан да ауыр. Екі бүлдіршін де комада жатыр. Өкпесіне оттегі айдайтын аппаратқа қосылған.
Ал 1986 жылы туылған әйелдің жағдайы да сол күйі, ауыр деңгейде.
Айта кеткен жөн, 15 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында Шамалған өткелінің бойынша рельсте тұрып қалған автобусты пойыз қағып кеткен еді. Автобустың жүргізушісі қаза тауып, үш жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. Автобустың ішінде 67 жолаушы болған. Қалғандары аман-есен.