Саясат

Трамп Үндістан мен Пәкістанды Кашмирдегі жағдай бойынша диалогқа шақырды

Eкі елдің де ядролық қаруы бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жұма күні Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен телефон арқылы сөйлесіп, Джамму мен Кашмир аймағындағы жағдайды талқылап, шиеленісті диалог арқылы шешуге шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

- Президент Джамму мен Кашмирдегі жағдай туралы екіжақты диалог арқылы Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленісті төмендетудің маңыздылығын атап өтті, - делінген Ақ үйдің хабарламасында.

Екі елдің көшбасшылары АҚШ пен Пәкістан арасындағы қатынастарды, оның ішінде Пәкістан премьер-министрінің шілде айында Вашингтонға жасаған сапарынан кейін берілген серпінді ескере отырып, дамыту мәселелерін де талқылады.

5 тамызда Нью-Дели Джамму мен Кашмирге тікелей федералды үкіметті енгізгеннен кейін, Пәкістан қатты «ашуланған» болатын. Тараптар шекараға әскер тарта бастады деп хабарланды. Үндістан мен Пәкістан Кашмир үшін үш рет соғысып үлгерді.

Қазір екі елдің де ядролық қарулары бар.

Үндістанның Бринияға тәуелді болған аймақтары бір-бірімен қосылып, Пәкістан мемлекетін құрған болатын. Ал оған кірмей қалған Джамму мен Кашмир аймағы тек мұсылмандар ғана шоғырланған Үндістанның жеке штатына айналды.