Саясат

«Халк жақсылық жағында». Актер Руффало Джонсонға жауап берді

Біз Халкқа ұқсаймыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халк супер қаһарманының рөлімен танымал Голливуд актері Марк Руффало Ұлыбритания премьер-министрінің Брекситті комикстер мен фильмдердегі қуатты жасыл кейіпкермен салыстырғанын сынға алды, деп хабарлайды bbc.com.

Ұлыбританияның Mail on Sunday таблоидына берген үлкен сұхбатында премьер Борис Джонсон Ұлыбританияның Еуроодақтан (ЕО) шығуын «Халк» кейіпкеріне ұқсатқа ұқсатқан еді. Яғни, кинодағы ғалым Брюс Баннердің «мықты кісенмен қанша ұстап тұрса да, одан босап шығып кететін» ашулы Халкке айналуына меңзеді.

Джонсонның бұл цитатасы ғаламторда мем толқынын тудырды, ал 2012 жылдан бастап Халкты үнемі ойнап келе жатқан актер Марк Руфало твиттер арқылы бұған өз ойын  білдіріп, онда Халк әдетте жақсылық жағында екендігін атап өтті.

Жексенбі күні Mail on Sunday газетінің бірінші жолағының үлкен бөлігінде «Біз керемет Халк кейпінде ЕО-дан шығамыз» деген тақырып тұрған еді. Осы сұхбатында Джонсон жақында Ұлыбритания парламенті қабылдаған заңға бағынбауға және егер 31 қазанға дейін ешбір келесімшарт болмаса, ешбір келісімсіз Ұлыбританияның ЕО-дан шығуға дайын екенін айтты.

- Халк неғұрлым ашулы болған сайын - соғұрлым мықты бола түседі, - деп қосты Ұлыбритания премьер-министрі.

- Халкты қандай мықты кісен ұстап тұрғанмен, ол одан құтылып кетеді. Біз де сондаймыз. Біз 31 қазанда [ЕО] шығамыз, біз мұны жасаймыз, - деді Джонсон.

Бірақ Марк Руффало керемет Халктің мінез-құлқы мен мотивациясына қатысты сарапшы бола отырып, Британ премьерінің метафорасымен келіспеді.

- Борис Джонсон Халк тек жақсылық жағында соғысатынын ұмытып кеткен сияқты, - деп жазды Руфало өзінің твиттерінде.

- Халк командада жақсы жұмыс істейді, ал жалғыз болған кезде бұл – апат. Оған қоса... доктор Баннер үнемі Халктың жанында жүреді, - деп қосты ол.