Саясат

Үкімет үйінің алдында күзет күшейтілді: Министрлік мәлімдеме жасады

Бүгін таңертең елордадағы министрліктер үйі мен үкімет ғимараты алдында күзет күшейтілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кез келген полицей азаматтың құжатын тексеруге құқылы. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Бүгін таңертең елордадағы министрліктер үйі мен үкімет ғимараты алдында күзет күшейтілді. Арнайы жасақ сарбаздары әрі-бері өткен азаматтардың құжатын сұрап, тексеріп жатты. Үкімет отырысынан кейін журналистер ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан мұның себебін сұрады.

"Бізде комендант сағаты деген жоқ. Мемлекет тарапынан күзетілетін мемлекеттік нысандар бар. Арнайы күзет қызметі жұмыс істейді. Осы ғимараттарға кірген адам құжатын көрсетуге міндетті", - деді ІІМ басшысы үкімет кулуарында.

Министр көшеде ерлерді де, әйелдерді де бірдей тексеретінін атап өтті.

"Бізде бәрін тексереді. Заң бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады. Егер адам тәртіп бұзбаса, оны ешкім тоқтатып тексермейді", - деді ол.

Тұрғымбаев заңсыз ұсталған азаматтардың арызын жеке қарауға дайын екенін жеткізді.

"Тағы да ресми түрде мәлімдеймін: заңсыз тексеру мен заңсыз ұстап әкетуге қатысты азаматтардың арыз-шағымын күн демей, түн демей, қабылдауға дайынмын. Азаматтарды жеке қабылдайтын күн бар. Кез келген уақытта кездесуге дайынмын", - деді министр.

Ал БАҚ өкілдерінің "арнайы жасақ сарбаздары құжат тексеруге құқылы ма?" деген сұрағына:

"Бізде кез келген полиция қызметкері құжат тексеруге құқылы. Егер оған негіз болса, әрине", - деп жауап қатты Тұрғымбаев.

sputniknews.kz