Саясат

Қытай мешіттерді "қытайландыруда"

Қытай билігі мешіттерді өзгерте бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайда мешіттерді дәстүрлі келбетінен айыратын мұсылман инфрақұрылымының синицизациясы (қытайландыру) толық қарқынмен жалғасын табуда, бұл үрдістің ауқымы құқық қорғаушылардың мазасын алуда.

Италиядан зерттеу орталығы шығаратын Қытайдағы Bitter Winter (Дін және адам құқықтары туралы) журналы тамыз айында тілшілерін Қытай елін көріп-қайтуға жіберген екен. Олар "қытайландырылып жатқан" мешіттерді анықтап, суретке түсіріп қайтқан.

Журналистер Хэнань провинциясының астанасы Чжэнчжоу қаласындағы Бейда мешітіне барып, ғимараттың төбесіндегі күмбездің және жарты айдың алынып тасталғанын байқаған.

Күмбез орнына 40 метрлік мұнара, буддалық ғибадатханадағыдай алты бұрышты төбемен жабылған. Сондай-ақ, минареттің түсі де өзгертілген.

Жаз бойы қытай билігі Чжэнчоу қаласындағы 7 мешіттің күмбезі мен айшықтары алынып тастаған көрінеді. 

Айта кету керек, 5 жылдық "исламды қытайландыру" жоспарын Қытай үкіметі 2017 жылдың желтоқсанында мақұлдаған болатын.