Саясат
24 адам қаза тауып, 31 адам жарақат алды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАуғанстанның Парван провинциясында президент Ашраф Ганидің сайлауалды үгіт-насихат өкілдері жиналатын жерде, мемлекет басшысы сөз бастаған кезінде жарылыс болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Оқиға сейсенбі, 17 қыркүйек күні болған. Бұған дейін 1TV телеарнасы қауіпсіздік қызметінің көздеріне сілтеме жасай отырып, автомобильге бекітілген магниттік жарылғыш құрылғының іске қосылғанын айтты.
1TV таратқан жаңалықтар бойынша, президент жақтаушылары жиналысының жанында болған жарылыстан, кем дегенде, 24 адам қаза тауып, 31 адам жарақат алды.
Наурызда Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясы елдің президенттік сайлауы 2019 жылдың 28 қыркүйегінде өтеді деп мәлімдеді. Радикалды «Талибан» партиясы сайлауды болдырмайтын бірнеше қорқытулар жолдаған болатын.
18 адам республикадағы ең жоғары мемлекеттік лауазымға үміткер ретінде тіркелді, оның ішінде 2014 жылы президенттік үшін күресте басты қарсыластар болған Ашраф Гани мен Абдулла Абдулла да бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61