Экономика

Қазақстандағы танымал бизнесменнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында «Иволга Холдинг» ауылшаруашылық кәсіпорнын басқарған қостанайлық кәсіпкер В.Розиновке қатысты басты сот отырысы өтті.

Еске салайық, «Иволга Холдинг» ЖШС бұрынғы басшысы Василий Розиновке аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Бүгінгі сот отырысы ашық түрде өтті.

Айыптау үкімін Бас прокурордың көмекшісі Нұрлан Тойшыбеков оқыды. Оның сөзіне сүйенсек, В.Розинов өзінің қызметтік жағдайын, кәсіпкерлік беделін пайдаланып, қаржы институттарының сеніміне қиянат жасай отырып, өз мүдделерін көздейтін қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

«Оның Қазақстан мен Ресейде ауылшаруашылық кәсіпорындары бар, егіс алаңдары 1,5 миллион гектардан асады. Ол «Иволга» компаниялар тобын басқара отырып, Қазақстанның астық одағының мүшесі, «ҚазАгро» ҰБХ «АҚ директорлар кеңесінің мүшесі бола тұра, үнемі республикалық жиындарға қатыса жүріп, қаржы институттарының, атап айтқанда, ЕДБ несиелеу бағдарламалары туралы ақпарат жинаған. 2011 жылы Розинов өзінде бар ақпаратты салыстыра отырып,кәсіпкерлік қызметі банктің стратегиялық мақсаттарына ресми түрде жататынын түсініп, жалған астық қолхаттарын ұсыну арқылы банк қаражатын ұрлауды жоспарлап, көп сатылы қылмыстық жоспар құрды. Бұл жоспар, біріншіден, сенімді қарыз алушының имиджін жасауды, екіншіден, жалған астық қолхаттарын шығаруды және оны банкке кепіл ретінде ұсынуды қамтыды. Үшіншіден, біреудің, яғни банктің мүлкін ұрлау. Төртіншіден, активтерді туыстары мен сенім білдірілген адамдарына қайта тіркеу. Бесіншіден, банк алдындағы қарыздарды төлемеген», - деп оқыды Н.Тойшыбеков.

Бас прокурордың көмекшісінің айтуынша, ол қылмыстарды өздігінен жасай алмайтын болғандықтан, сенім білдірген адамдарын қылмыс жасауға итермелеген. Сонымен бірге ол өзінің беделін пайдаланып, жымысқы әрекеттерін жасырып келген.

«Розинов басқа біреудің мүлкін ұрлау туралы қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін 2011 жылдың сәуірінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жүйелі және үздіксіз негізде астық қолхаттарын бұрмалауды бірнеше рет ұйымдастырған»,- деп хабарлады Бас прокурордың көмекшісі.

Басты сот процесі жалғасуда. Айта кетейік, қылмыстық іс Қостанай қаласының сотына келіп түскен. Сот Василий Розиновке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы (1997 жылғы Қылмыстық кодекске енгізілген) бойынша қылмыстық іс қозғады. Атап айтқанда, ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр.

inform.kz