Weekend
Сатуға ғана бас қатырады
Қазақстанда бірегей Daryn.online атты оқушыларға онлайн сабақ үйрететін жобаның іске қосылғалы жатқанын айтқан болатынбыз. Тұсаукесері де жақындап қалды.
Жобаны таныстыру мен дамыту бойынша жан-жақты жұмыстар жасалып жатыр. Соған орай, жоба авторлары да әр аймақтан серіктес, яғни, франшиза иелерін іздеуге кірісті.
– Жалпы, бизнес әлемінде франшизаның екі түрі бар. Бірі – шектеусіз франшиза болса, екіншісі – шектеулі франшиза. Біздің таңдау екіншісіне түсіп отыр. Яғни, бизнес-үлесті бір аймақтан (облыстан) бір серіктеске ғана береміз. Болды! Басқаларына да франшиза беру деген жоқ. Ал шектеусіз франшизада үлес алам деген адамның барлығына брендті қолдану құқығы беріле береді. Біз ондайға барғымыз келмейді, - дейді Daryn.online жобасының директоры Бөгенбай Серікбай.
Daryn.online жобасынан неге франшиза алу тиімді? Өйткені дайын бизнес план мен ресурс (платформа), клиенттер базасы мен клиенттерді жүйелейтін система бар. Франшиза алған адамдарға ивент маркетинг пен сату жағы үйретіледі.
Серіктеске тек жобаның өнімдерін сату ғана қалады. Сомен ғана бас қатырады. Мәселен, кофейня бизнесінен франшиза алған адамның ғимаратты жалдау, даяшыларды табу, мәзірді дайындау сынды мәселелермен бас қатырары анық. Мұнда ондай жоқ. Ал сабақ пен оқыту процестері – жоба авторының мойнында.
– Ал біздің міндетіміз – қызметті қамтамасыз ету. Сондықтан франшиза айналымының 50%-ы (роялити) бізге тиесілі. Түскен табыс жобаны қызметпен қамтамасыз ету мен дамытуға, мұғалімдердің еңбекақысы мен жобаны жарнамалауға жұмсалады. Алда көптеген жоспарларымыз бар. Мәселен, бір сабақтың әртүрлі мұғалімдер оқытатындай етіп бірнеше нұсқасын жасап шығаруды ойластырып отырмыз. Сонда сабақты оқытудың да түрлері пайда болмақ. Ал оқушыда таңдау құқығы пайда болады, – дейді Бөгенбай Серікбай.
Франшиза иелеріне жұмыс процесі кезінде туған қиындықтар мен қателіктерді жоюға көмектесетін нақты нұсқаулықтар беріледі. Негізгі инвестиция кеңсе жабдықтары мен жиһаз сатып алуға кетеді.
Қазіргі уақытта Алматы мен Шымкент қалаларының, Түркістан мен Жамбыл облыстарының франшизалары сатылып кетті. Қалған облыстар мен Нұр-Сұлтан қаласының франшизалары бос.
– Франшизамен бұрын да жұмыс істегенмін. Сондықтан тәжірибем бар. Оқыту курстарының болашағы зор. Әсіресе, ата-аналардың балаларының жетілуіне, заманауи білім алуына, прагматик болуына өте мүдделі. Ауыл-аймақтарда білімін толықтырғысы келетін қаншама өрендеріміз бар. Оларға сапалы да сауатты білім алу жолын ұсына алуымыз қажет. Курстың бағасы қолжетімді болғандықтан, ата-ананың қалтасына ауырлық келтірмейді. Жобаның дамуға деген ынтасы жоғары болғандықтан, оны Алматы облысына таныстырып, таратуды ойлап отырған жайым бар, – дейді алматылық кәсіпкер Өнерәлі Жұмақадір.
Серіктестерге жоба авторлары тарапынан белгілі бір талаптар қойылады. Яғни, жаңа жылдан бастап ай сайын белгілі бір норманы, алгоритмдерді орындап отыруы қажет. Бұл жобаның дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұған мұқият болғаны жөн.
Байланыс телефоны: +7 747 553 53 96 Бөгенбай Таласұлы