Weekend
Өлең
Бал көңілдің,
Бал-бұл жанған кезеңі.
Студенттік кез еді.
Әр қаладан,
Әр ауылдан келгендер,
Оқу, білім алу еді міндеті.
Бірінші курс -
Қызығы мен қиыны.
Қос егіздей,
Қатар жүріп өтеді.
Ұмытылмас сәттерде,
Бірінші курсқа тиесілі.
Екінші курс, сәл есейген,
Сонда да бар балалық.
Қалт етсе қолы,
Көше есінде тұрады.
Қызға бару, гүл беру,
Осы курста болатын.
Үшінші курс сайып қыран кемелі,
Жігіт сері, қыздар өте әдемі.
Бойларында жігіттіктің оты бар,
Ал қыздардан күннің нұры байқалар.
Бұл курс тек,
Сыр…
Жұмбақтан құралар.
Төртінші курс кезек бастық,
Қимастық көңіл от алау.
Қоштасар сәт келгесін бе?
Көңіл жүдеу…
Жүздер мұңды…
Тек жүректе,
Өткен күннен жоғалмас,
Естеліктер сақталған.