Саясат
Екі тарап соғысса орасан зор шығын болмақ
Принстон университетінің Ғылым және жаһандық қауіпсіздік жобасының мамандары мен әскерилері біріге отырып, НАТО мен Ресей соғысса не боларын жобалады. Олар арнайы зерттеулері қорытындыларын YouTube-арнада жария еткен. Жобаны танымал әскери сарапшы Алекс Глесер басқарған.
Жобаны жасау барысында екі тараптың ядролық қуаттылығы, зымырандарының күші мен әуе күштері нақты есепке алынған.
- Соғыс басталса, Ресей Польша мен Германиядағы НАТО күштеріне соққы жасап, олардың шығысқа жылжуына кедергі жасайтын болады. Ал НАТО жауап ретінде Калининград аймағын ядролық қарумен жоқ қылады. Артынша екі тарап ядролық соққы алмасуды бастайды, - делінген арнайы жобада.
Екі тараптың соғысуынан алғашқы сағаттарда 91,5 млн адам қаза тауып, бұл көрсеткіш бір күнде 350 млнға жетуі мүмкін дейді сарапшылар.