Bugin

Шамалғанда мерт болған жүргізушінің анасы: Ұлыма айып тағылмаса екен

Адамдарды құтқарамын деп мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шамалғанның өткелінде пойыз соғып, мерт болған автобус жүргізушісінің туыстары ешкімге кінә тақпайтынын, ешкімде де сотқа бермейтінін айтып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы КТК телеарнасы сілтеме жасап.

Ал қайғыдан қан жұтып отырған жүргізушінің анасы Симизар Саракова болса, «адамдарды құтқарамын» деп өзін құрбан еткен баласына ешқандай айып тағылмаса екен деп тілеп отыр.

- Менің баламды ешкім кінәламасыншы. Ол өзінің жұмысын атқарды ғой. Өзін берді ғой күллі адамдар үшін. Адамдар үшін менің балам құрбан болды ғой. Сол адамдарды түсіремін деп құрбан болып отыр ғой менің балам... – деп жылады жүргізушінің анасы.

Ал жүргізушінің мәйіті кеше, 17 қыркүйек күні, жер қойнауына тапсырылған болатын. Артында төрт баласы мен әйелі қалды. Үлкені биыл мектеп бітірген. Кеше бір баласының туған күні екен. Бірақ туған күнді атап өтудің орнына, туған әкесінің жанасын шығарған күн болды.