Спорт

Бокстан Әлем чемпионаты: Бекзад Нұрдәулетов ширек финалға өтті (Видео)

Енді түрікпен кездеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатына аттанған қазақ бокшыларының біреуі ширек финалға өтті.

Бразилияның Кено Мачадо есімді бокшысын жеңген Бекзад Нұрдәулетов ендігі жекпе-жегін түрік бокшысымен өткізеді.

81 келіде өнер көрсеткен қазақ бокшысы бразилиялықпен үш рауд бокстасып, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз болды.

Енді ол түрік бокшысы жастар чемпионатының «қола жүлдегері» Байрам Малканмен кездеседі.

Айта кетейік, ақтаулық бокшы чемпионатта осымен үш кездесу өткізді. Оның біреуінде нокаутпен жеңген.

Lada.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61