Bugin

Қазақстан Бас прокуратурасы: Ақжарқын Тұрлыбайды қалайда елге қайтарамыз

Әзірше, қытайдың үкімін күту керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс отырысы кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты баяндама оқыды.

- Қазіргі уақытта қытай тарапы Ақжарқын Тұрлыбайдың шағым арызын қарап жатыр. Соның жауабын күтіп отырмыз. Екі елдің арасында сотталғандарды беру туралы келісім бар. Сондықтан қытай сотының ақырғы үкімін күтуге мәжбүрміз, - дейді Ахметжанов.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық билік Тұрлыбайды елге қайтару үшін бәрібір өтініш білдіреді.

- Егер ақталып шықса, жақсы әрине. Алайда сотталған жағдайда, оны елге алдыруға біздің құқығымыз бар. Қалған жазаны Қазақстан аумағында өтейтін болады, - дейді прокурордың орынбасары.

Бұған дейін Ақжарқынның анасы мемлекет басшысына өтініш жолдап, қызын отанына қайтаруға бар күшін салуын сұраған болатын.

Zakon.kz