Bugin

Бас прокуратура: Әблязов пен Храпуновтың ісі шетелге жіберіледі

Әблязов Францияда жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс отырысында Әблязов пен Храпуновтың ісін шетелдіктерге берілетінін айтты.

- Бұл екеуі де (Әблязов пен Храпунов – ред.) қылмыстық топ құрып, миллиардтаған мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталып, ауыр жазаға кесіліп отыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары шетелдік құқық қорғау органдары арқылы жүргізіліп жатқанын білесіздер. Одан бөлек, оларды Қазақстанға экстрадициялау бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлемдік тәжірибеде мынандай қағида бар: «бергің келмей ме, онда өзің сотта!». Сондықтан бұл мемлекеттер күдіктілерді Қазақстанға қайтармаса, тергеу материалдары сол елдің өзіне жіберіледі. Сонда олар шешім қабылдауға міндетті болады. Fk ,іздің деректер бойынша, қазір Әблязов Францияда жүр, - дейді Ахметжанов.

Қазақстан билігі Әблязовқа экономикалық қылмыстар жасап, қылмыстық топ құрып, адам өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Ал Храпуновқа мемлекеттік мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған еді. Оны Алматының соты 17 жыл бас бостандығынан айырған болатын.

Zakon.kz