Саясат
Соққы беру үшін пайдаланылған Иран қарулары да ұсынылады
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі Корольдіктің шығысындағы мұнай нысандарына шабуыл жасауға Иранның қатысы бар екенін дәлелдеп бермек, деп хабарлайды РИА Новости.
- Сондай-ақ, соққы беру үшін пайдаланылған Иран қарулары да анықталады, - деді ведомство.
Сауд Арабиясының Аль-Ихбария мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, сәрсенбі күні Қорғаныс министрлігі өкілінің баспасөз конференциясы өтеді.
14 қыркүйекте Сауд Арабиясында Saudi Aramco мемлекеттік компаниясының мұнай өңдеу зауыттарына дрондардың көмегімен шабуыл жасалған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті Йемендік көтерілісшілер - хуситтер өз мойындарына алды.
Бұл ретте, Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы мен АҚШ осы шабуылда Тегеранды айыптайды.