Саясат
Ол қуатты Ресейді қалпына келтірмек
Ресейдің мемлекеттік қайраткері, саясаткер Владимир Жириновский Беларусь мемлекетін Ресейге қосу қажеттігін айтты.
- Беларусьты Ресейге қосу керек. Неліктен тарифтерді ортақтандырайық, кедендік одақ деп сылтауратып жүрміз? Не үшін? Белорусь Ресейге қосылған сәтте ғана дамиды. Ірі ресурсқа сүйеніп, еуродан да қуатты болатын рубльге, адамдардың тәуелсіз қызмет етуіне мүмкіндік берейік. Украинаны да қосатын уақыт жетті. Өйткені Ресей тарихқа қарасақ Ұлы ресей және Кіші ресейден құралған. Бұл дегеніміз Русь қой. Бар болғаны соны қалпына келтіру керекпіз. Болды, - деді ол.
Ол сонымен қатар екі елді қосып алғаннан кейін, азаматтардың қысым көрмеуін қадағалау керектігін ескертті.
- Адамдардың тәуелсіз қозғалысын шектеуге болмайды. Белорусь тілінде сөйлегісі келсе сөйлесін, украин тілін оқығысы келсе, мархабат! Газеттер, мектептер мен театрлар сақталып қалуы тиіс. Алайда ортақ орыс тілін басшылыққа алуы қажет, - деді Жириновский.