Weekend

Қара қарға оқиғасы

Астарлы өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қара қарға,

көше кезіп,

алаңсыз ұшып жүрді.

Алты ай қысты ойламай,

нағып жүрді.

Күз келгенде,

көсеуін қолына алып.

Тығылатын жер болмай,

аласұрды.


Пана болар жанында құрбылары,

іздеп еді,

бірақ та табылмады.

Өкініші кеудесін өртеп барат,

өкінгенмен бәрібір не оңалат.

Ұшуға да дәрмені,

жоқ шарасы.

Бүрсең қағып барады...

Бүрсең қағып...

Үнсіз ғана,

қадамын санап басып...


Бұл оқиға,

саған да,

келмесіне кім кепіл.

Сондықтан тұр,

еңбек қыл!