Саясат

Тоқаев саяси ауыс-түйіске түсініктеме берді

Сәрсенбі күні тәжірибелі саясаткерлер жаңа лауазымдарға ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні жасалған бірқатар саяси ауыс-түйіске түсініктеме берді.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігі мен премьер-министр кеңсесінің басшылары, премьер-министрдің орынбасары, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және сыртқы істер министрі тағайындалды.

Ерлан Қошановтың президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалуына қатысты Тоқаев оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтті.

"Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Жеңіс Қасымбек ұсынылады", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Ал Бейбіт Атамқұловтың индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ауысуын мемлекет басшысы бұрынғы СІМ басшысының сыртқы саясат ведомствосы өкілеттігінің кеңеюіне байланысты министрліктің құрылымын қайта құру бойынша пайдалы жұмыс атқаруымен түсіндірді.

"Табысты еңбек жолынан өткен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды", - деп атап өтті Тоқаев.

"Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Қырымбек Көшербаев Марат Тәжиннің орнына мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет ісіне сіңірген еңбегі үшін Марат Тәжинге алғыс айтамын. Оның білімі мен білігі еліміздің игілігіне қызмет ете береді", - деп жазды президент.