Саясат
Трамптың бұрынғы кеңесшісі Трамптың өзін сынады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші қызметінен босатылған Джон Болтон Нью-Йорктегі жеке қабылдауда президент Дональд Трамптың сыртқы саясатын сынға алды. Бұл туралы Rambler хабарлайды.
Кездесуді консервативті Гейтстоун институты ұйымдастырған.
Куәгерлердің айтуынша, Болтон «Трамптың атын атамай, оның жасап жатқан саясатын сынаған».
Болтон Трамптың резиденциясына «Талибан» радикалды қозғалысының өкілдерін шақыру ниетін «қорқынышты сигнал» деп атады.
Трамптың бұрынғы кеңесшісі сонымен қатар КХДР-мен, Иранмен келіссөздер «сөзсіз сәтсіздікке ұшырайды» және бұл елдер жәй ғана санкцияларды жеңілдетуге тырысуда деп санайды.
Болтон Трампты АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағын атып түсірген Иранға қатаң жауап бермегені үшін де сынаған көрінеді. Болтонның пікірінше, Трамптың әрекетсіздігі – Иранды Сауд Арабиясының мұнай нысандарына соққы беруге итермеледі.
Politico-ның хабарлауынша, Болтон Израильде ерте ме, кеш пе Биньямин Нетаньяху үкіметі өзгеретінін болжаған. Сонымен қатар, егер Куба әскері Боливия Республикасынан кетіп қалса, онда Венесуэланың президенті Николас Мадуро билігінен айрылады деп сенді. Болтон Куба Венесуэлаға 25 мыңға жуық әскери күшін жіберді деп мәлімдеді.
Еске салсақ, Трамп өз командасының ішіндегі ең антироссиялық мүшесі Болтонды жұмыстан босатып, оның орнына жүйкесі мықты және практикалық тәжірибесі бар сабырлы Роберт о 'Брайенді тағайындаған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61