Саясат
Президенттің мұнысы түсініксіз...
"Әдеттегідей, аяқ-астынан жоғарыда маңызды кадрлық өзгерістер болды. Аяқ-асты дегенім, билікке басқа партия келіп, елімізде қандай да бір саяси өзгерістер болып жатқан жоқ. Оның үстіне ауыстырып жатқан адамдары қатты бірнәрсе бүлдіре қоймаған. Сондықтан мұнысы түсініксіз...
Ал болған іске келетін болсақ, өзгеріс маңызды екі бағытта жүргізілген: Президент әкімшілігі мен Үкіметке. "Төменгі" жақтан Атамқұловты, Склярды және Тілеубердіні "жылжытқанын" байқауға болады. Атамқұловты Сыртқы істер министрлігінен Индустрия министрлігіне "лақтырды". Ол "экономист" қой, онысын түсінуге болады, Тілеуберді де өз орнын жақсы тапқан.
Оның үстіне, Президенттің өзі дипломат және сыртқы саясаттың сәулетшісі, ол кісі жақсы біледі ол орынға кімді қою керектігін. Скляр вице-министр ретінде Үкіметті басқаратын болады. Яғни, бұл бағыттағы өзгеріс өндірістік қажеттіліктерге байланысты жасалған.
Ал Президент әкімшілігінде жағдай кішкене қиынырақ. Тәжин де, Көшербаев та Назарбаевтың ескі гвардиясына жатады. Олар Тоқаев үшін саяси тепе-теңдікті нығайту үшін керек, онда да бұл арада тепе-теңдік нысаны - екінші Президенттің өзі. Билікке келгеннен кейін бірнеше айдан соң Тоқаевтың алдында таңдау үшін екі сценарий көрініс тапты. Біріншісі - Тоқаевтың билігін нығайту. Екіншісі – керісінше, оны әлсірету.
Бұдан мынандай сауалдар туындайды: Көшербаев пен Тәжиннің қызметіндегі өзгерістер екінші Президенттің позициясын әлсіретуге бағытталған ба? Тағы бір маңызды мәселе - Ерлан Қошанов Президент әкімшілігі мен Тоқаевтың позициясын күшейте ала ма?
Бір жағынан, бұл өзгерістерді билікті жаңартып, аймақтармен жұмысты күшейту деп қабылдауға болады. Екінші жағынан, мұның бәрі мемлекеттік органдар жүйесінде Президент әкімшілігінің ықпалын әлсіретіп, керісінше Қауіпсіздік Кеңесі ықпалының нығаюы үшін жасалып жатуы мүмкін.
Тоқаевқа "бала күтушілердің" қажеті жоқ деп айтуға болады, сондықтан Тәжин мен Көшербаевтың бір-бірінен ажыратылып, алшақтатылуы гипотезалық тұрғыда екінші Президенттің пайдасына жақсы келер еді, бірақ мұны Тоқаевтың лагеріндегі адамдардың өзгерісі деп санаған жағдайда, әрине.
Бірақ соңғы бірнеше апта бойына Көшербаевтың ел алдында белсенділік танытып, жиі төбе көрсеткенін есепке алсақ, ол өзінің саяси тепе-теңдік бойынша жұмысын жақсы атқарып, Президент әкімшілігін ұрысқа қабілетті командаға, оны биліктің баламалы орталығына айналдыра алды деп айтуға болады.
Жалпы, біздің алдымызда екі сценарий тұр, ол - анық нәрсе, енді осы өзгерістен екінші Президент позициясының әлсіреуі немесе нығаюы болатынын бағу ғана қалып тұр бізге, деп жазды Асқар Нұрша Facebook-тегі парақшасында.