Спорт

20 жасында әлемді мойындатқан қазақстандық шахматшы

Қазақстандық гроссмейстер - Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасов

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасов -  қазақстандық гроссмейстер, Еліміздің бес дүркін чемпионы, Азия чемпионы. 

Ол 1979 жылдың 28 сәуірінде Астанада дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің «аударма ісі» мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылы АҚШ-та  Carnegie Mellon University Мемлекеттік басқару магистрін тәмамдаған. Сонымен бірге Қазақстан-Британ техникалық университетінің доктарантурасын бітіріген. Кембридж Нидерланды қайта даярлау институттарында «Мемлекет басқару» мамандығы бойынша оқыту курстарынан өткен. Дәрмен Сәдуақасов 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындғы шахматтан әлем бірінішілігінің чемпионы. 2011 жылдан бастап ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті болып қызмет етеді. 

Еліміздегі шахматтың ашылуы Дәрмен Садуақасовтың есімімен тығыз байланысты. Қазақстанның гроссмейстері 20 жасында әлемді мойындатты. Бүгінде оның елордада төрт шахмат орталығы бар. Алғашқы шахмат академиясын 2016 жылы ашқан. Осы саланың мықты мамандарымен бірлесе отырып арнайы шахмат әдіснемесін дайындаған. Шахмат орталығы ашылған мектептер: "Нұр орда", "Халықаралық мектеп, Елордадағы №56 мектеп, Mega silk way.  Мұнда шахмат ғана емес, сонымен қатар дойбы, тоғызқұмалақ, асық ойындарын да үйретеді.

Академияға балалар бес жастан бастап қабылданады. Қабілеті жетіп тұрса, үш төрт жасынан бастап үйретуге болады. Сонымен қатар келушілер бес жастан тоғыз жасқа дейін тұрақты түрде қатысса, нәтижесі де жақсы болады. Академияда бүгінде 900-ге жуық бүлдіршін бар. Дәрмен Сәдуақасов атындағы академияның төрт филиалы да аптаның жеті күнінде жұмыс істейді.

Еңбек жолы

2009 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының консультанты, меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2011 жылы ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық кампаниясының департаментінің директоры

Жетістіктері

Ерлер арасында Қазақстанның бес дүркін чемпионы;

1995 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы;

1998 жылдан Халықаралық гроссмейстер атағын иеленді.

АҚШ, Индонезия, Югославия, Испания, Латвия, Дания, Украина және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

2001 жылы Екі Гарри Каспаров аударады;

2003 жылы Виктор Корчной матчтың жеңімпазы 5-3 есебімен;

2004 жылы Анатолий Карпов матчтың жеңімпазы 4,5-3,5 есебімен;

Бүкілдүниежүзілік 33-інші шахмат олимпиадасына 8 мүмкіншіліктен 4,5 ұпай алды.

Мемлекеттік марапаттары

1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;

1998 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, жеткен жетістіктері үшін жоғарғы мемлекеттік нагарада «Құрмет ордені» мен марапаттады.

2012 жылы жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапаттады.

Дене шынықтыруды, адамның ой-өрісін дамытуға сіңірген еңбегі үшін «спорт және туризм» медалі;

ҚР-ның мемлекеттік, мерекелік медалдарымен марапатталған.

ҚР президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.