Саясат

Либерияда мектеп өртеніп, 26 бала қаза тапты

Екі мұғалім қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Либерия астанасы Монровия маңындағы мектеп-интернатта болған өрттен 26 бала қаза тапты деп glavpost.com хабарлайды.

Президенттің баспасөз хатшысы Исаак Соло Келгбехтің айтуынша, өрт түнгі сағат 11-лер шамасында болған, ал діни мектептің балалары бөлмелерінде ұйықтап жатқан.

Ал оянғандарды терезенің тор көзінен шыға алмай қалған. Олардың кейбірі 10 жаста.

Қаза тапқандардың арасында – екі мұғалім бар.

Либерия президенті Джордж Веа қайғылы оқиға болған жерге барып, кейін қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

- Менің дұғам Пейнсвиллде кеше түнде, мектептегі өрттің салдарынан қайтыс болған балалардың отбасыларына арналады. Бұл – қаза болғандардың отбасылары мен бүкіл Либерия үшін қиын кезең, - деді Президент.

Баспасөз хатшысы Келгбехтің хабарлауынша, құрбандар Ислам салт-дәстүрлеріне сәйкес жерленеді.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61