Саясат

Тоқаев «оралман» деген сөзден бас тартуға қатысты пікір білдірді

Елге оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тарту мәселесі қызу талқыға түскен еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанға оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына "қандас", "бауырлас" терминдерін қолдану қажет деген пікір бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елге оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартуға қатысты пікір білдірді.

"Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартып, "қандас" терминін пайдаланғанымыз жөн. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Как я говорил ранее, надо отказаться от слова Оралман в отношении вернувшихся на историческую родину казахов в пользу термина Қандас. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 

Айта кетсек, Қазақстанға қайтып оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына "қандас", "бауырлас" деген терминдерді қолдану қажет деген пікір бар.

Осы мәселе парламентте де көтерілді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұқбаттарының бірінде "оралман" деген сөзге қарсы екенін ашық айтқан болатын.