Саясат

Президенттің жарлығымен Жеңіс Қасымбек жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін үкімет басшысының орынбасары болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

"Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Фейсбуктегі парақшасында.

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматыдағы "Темірбанк" ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР көлік және коммуникация министрі, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, министрі болды.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР премьер-министр министрінің орынбасары қызметін атқарды.