Денсаулық
Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан 4000-нан аса әйел
Қазақстандық дәрігерлер қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы.
- Шамамен, күніне екі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады. Жатыр мойны обыры – бұл алдын алуға болатын жалғыз ауру. Оған екпе салса болды, мүлдем қауіпсіз. Бұл – адамда папиллома вирусының алдын алатын өлі бөлшектер. Тіпті, қазір бүкіл әлем ер балаларды да вакцинациялауға көшті,- деді ҚР ДСМ ҚазОРҒЗИ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.
- Ауруды тоқтатуға болады, тек ол үшін балаларға тегін вакцинация жасай бастау қажет, - деді еліміздің бас онкологы.
Жатыр мойны обырын ерте сатысында анықтауға болады. Содан кейін оны емдеу де оңай. Ең бастысы – гинекологта жүйелі тексерілу.
Ең қорқынышты обырдың түрі - ол аналық бездің қатерлі ісігі. Аурудың симптомдары байқалмайды. Көбінесе, әбден асқынғанда анықталады.
Ракты мұқият тексеруден кейін анықтауға, сонымен қатар бейімділік жағынан генетикалық анализді жасау арқылы анықтауға болады.