Саясат
Пара берді деген айыппен
Сальвадор соты елдің бұрынғы президенті Элиас Антонио Саканы сот қызметкеріне пара берді деп айыптап, екі жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы rusonline.org хабарлайды.
Прокурорлардың айтуынша, Сака өзі қатысқан азаматтық іс туралы ақпарат алу үшін пара берген.
Былтыр экс-президент ақшаны ұрлағандығы және жымқырғаны үшін деп айыпталып, 10 жылға сотталған болатын. Ол - сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстары үшін сотталған алғашқы президент болды.
Сака 2016 жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ, ол Президент мандаты аяқталғанға дейін оның шотында жатқан 5 миллион доллардың қандай жолмен келгендігін түсіндіре алмағаннан кейін, ақшаны заңсыз жолмен тапты деп айыпталды.
Сака 2004 жылдан 2009 жылға дейін ел президенті қызметін атқарды.