Саясат

Cаясаттанушы: Тоқаев Назарбаевтың командасымен жұмыс жасай алар емес

Тоқаевтың өз командасы жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биліктегі ауыс-түйіс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз командасының жоқтығынан болды. Бұндай пікірді саясаттанушы Максим Казначеев.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының өз командасы жоқ. Ол сондықтан экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ командасымен жұмыс жасауына тура келді. Алайда, экс-президенттің командасымен жұмыс жасай алар емес. Президент болған аз уақыттың ішінде президент әкімшілігінің үш басшысы ауысты. Оған саяси аренада бұрынан келе жатқан Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Марат ТАЖИН, Бақытжан САҒЫНТАЕВТАРМЕН жұмыс жасау ауырлау. Сондықтан да екінші планда жүрген Ерлан ҚОШАНОВ, Роман СКЛЯРЛАРДЫҢ позициясы күшейді. Қазір Тоқаев өзіне қолайлы команда жасақтап жатыр. Бұл процесс 1,5 жылға дейін жалғасуы мүмкін», - дейді саясаттанушы.

Кеше екі ай он күн президент әкімшілігін басқарған Қырымбек ЕЛЕУҰЛЫ Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Ресми ақпарат көздері Марат Тажинді басқа жұмысқа ауысты деген хабарлама таратқанымен, нақты қайда кеткенін жазбады.

Соңғы 2,5 жыл Қарағанды облысын басқарған Ерлан Қошанов президент әкімшілігінің жетекшісі атанды. Ерлан ЖАҚАНҰЛЫ саясаттанушы Максим Казначеев айтқан «ауыр салмақтылар» сынды жоғарғы лауазымды қызметтерді атқармаған.

1999-2003 жылдары Парламенттегі Үкіметтің өкілі болған. 2001-2003 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, 2003-2006 жылдары Көлік және коммуникация министрінің орынбасары сынды қызметтерді атқарды. Қарағанды облысы әкімі болмай тұрғанда премьер-министр кеңсесінің басшысы болып көтерілген еді.

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Роман Скляр үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалса, сыртқы істер министрінің орнына Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ жайғасты. Ал Бейбіт АТАМҚҰЛОВ Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі болып ауысып кетті. Премьер-министр Кеңсесінің басшылығына Ғалымжан ҚОЙШЫБАЕВ тағайындалса, Жеңіс ҚАСЫМБЕК Қарағанды облысының басшылығына кандидат атанды.  

zhasalash.kz