Weekend
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚайғы деген өткінші,
мұздай салқын.
Ериді ғой көктем де,
мұз да шіркін.
Ал саған не болды?
ерке сылқым.
Жүзіңде сол баяғы,
кетпеген мұң.
Жанарыңнан күлкіні,
көре алмадым.
Ағыл-тегіл жас тамады,
жерге күн-түн.
Бақытыңды сол жанға,
арнау етіп.
Қанша айлар...
Қанша жыл бәрі кетіп...
Қанша жігіт сөз салды,
сұлуым деп.
Қарамадың...
Мән бермедің,
елемедің.
Соншалық ол жігіт сені,
матаған ба?
Жүрегіңді ұрлаған,
арбаған ба?
Бұлттарға жасырынған,
Ай ма едің?..
Шықшы қалқам,
Жарыққа енді бермен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61