Bugin

Бергей Рысқалиевтің шетелдегі 13 млн доллары табылды

Ақшаға арест қойылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің шетел банкінде жатқан 13 млн теңгесі табылып, арест қойылды.

Бұл жайында елдің Бас прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау жөніндегі қызметтің басшысы Сапарбек Нұрпейісов хабарлады.

- Соттың шешімі бойынша Рысқалиевтің меншігіндегі 50 пәтер мен 44 жер телімі, банк есепшотында жатқан ақшаларын қосқанда барлығы 185 мүлкі тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта қолды болған 72 млрд теңгенің 44 млрд теңгесі ел бюджетіне қайтарылды. Қылмыстық топтың басқа да активтері ізделіп жатыр. Жақында ғана 13 млн долларына арест қойылды. Қазір оны кәмпескелеу шаралары жасалуда, - дейді Нұрпейісов.

Бергей мен Аманжан Рысқалиев мемлекет қаржасын, атап айтқанда, 72 млрд теңгені талан-таражға салды деген айып тағылған болатын. Қазақстан оты Бергейді 17 жыл бас бостандығынан айырса, Аманжанды 16 жыл бас бостандығынан айырған еді.