Саясат
Көрікті көшелердің біріне халық жазушысының есімі берілді
Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты. Алматы жұртшылығын айтулы қуанышпен құттықтаған шаһар басшысы бұл шараның өз шығармаларымен мәңгі жасайтын қазақтың кемеңгер жазушысына берілген баға екенін айтты.
Бүгін сондай-ақ, Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Ә.Кекілбаев тұрған 118-үйге мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды. Ал, кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтеді.