Саясат

Трамп Иранға шабуыл жасамақ

Соғыс басталып кетуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кешегі Saudi Aramco Сауд компаниясының мұнай өңдеу зауыттарына дрондармен шабуыл жасалғаннан кейін, АҚШ пен Сауд Арабиясы бірігіп бұл оқиғаға Иранды айыптап отыр. Соған орай, АҚШ әкімшілігі Иранға шабуыл жасап, есе қайтарудың түрлі шараларын қарастырып жатыр. Бұл туралы Рамблер хабарлайды.

- Иранның әуе соққысына жасауға болатын нысандары қарастырылып жатыр. Осы әскери операциялардың кесірінен соғыс басталып кетуі мүмкін, - деп жазады агенттік.

Saudi Aramco-ның мұнай нысандарына шабуыл 14 қыркүйекте Хураис және Абхайк қалаларында болды, деп хабарлайды Сауд Арабиясының Баспасөз агенттігі. Жарылыстардың салдарынан бұл нысандардағы өндіріс тоқтатылып, Эр-Риядта белгілі болғандай, жарылыстарға байланысты күнделікті мұнай өндірісі екі есе азайған болатын.

18 қыркүйекте Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігінің өкілі Турки әл-Малики баспасөз мәслихаты кезінде «Мұнай нысандарына шабуылды Йемен жасаған жоқ, Иран солай көрсетуге тырысқанына қарамастан, шабуыл ол жақтан жасалмады» деді.

Оның айтуынша, шабуыл солтүстіктен жасалған және «сөзсіз Ираннан демеушілік көрсетілген». Сол күні Эр-Риядтың ресми нұсқасы шыққанша кінәлілердің атын атамауды жөн көрген Трамп АҚШ-тың Қаржы министрлігіне Иранға қарсы санкцияларды айтарлықтай кеңейтуді тапсырды.