Bugin
Ақтау көшелерін түтін басты
Маңғыстау облысы Экология департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бұған Атырау облысындағы төтенше жағдай себепші болған.
Ауадан сынама алып, зертханада тексерген мамандар осындай тоқтамға келген. Яғни, ауада зиянды қалдықтар тарамаған.
«Атмосферада шекті деңгейден асып тұрған зиянды қалдық жоқ. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Атырау облысында қамыс өртенуде. Содан шыққан қалың түтін өңірге жел арқылы жетіп, көшелерді басып қалды», - делінген хабарламада.