Саясат

Көпбалалы отбасыларға жыл сайын үй беріледі – вице-министр

Мәлімдеме

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында былтыр 12 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін, биыл бұл көрсеткіш 1 миллионға ұлғайып, 13 миллионға жеткізілетінін жариялады.  

«8 айдың ішінде 7 млн 600 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл 65 825 пәтер деген сөз», – деді вице-министр.

Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, биыл көпбалалы отбасыларға 6 мың пәтер беру жоспарланған. Іс барысында жоспар асыра орындалған. Нәтижесінде көпбалалы отбасыларға 6  мың емес, 8 мың пәтер берілетін болған. 

«2025 жылға дейін көпбалалы отбасыларға жалдамалы 40 мың пәтер салынады. Жыл сайын 6 мың пәтер үлестіріледі. Жобаны жүзеге асыруға 7 жылда 350 млрд немесе жыл сайын 50 млрд теңге жұмсалады. Мамыр айынан бері көпбалалы отбасыларға 2 813 пәтер берілді. Әкімдіктің дерегінше, жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтерге ие болады. Жоспар бойынша биыл 6 мың пәтер берілу керек болатын», – деді Қайырбек Өскенбаев.

Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, қолданысқа «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға 2%-бен несие беретін «Бақытты отбасы» атты бағдарлама енгізілген. Бағдарлама жыл сайын 5 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 

«18 қыркүйектегі жағдай бойынша ел азаматтарынан құны 45,6 млрд теңгені құрайтын 4434 өтініш қабылданған. Нәтижесінде 24,9 млрд теңгені құрайтын 2382 өтініш мақұлданған», – деді Қайырбек Өскенбаев.

inbusiness.kz