Bugin

Алматы мен астаналық полицейлер наразылыққа шыққандарды ұстап жатыр

Акция – заңсыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы мен елордаға билікке наразылық танытқан топтар көтеріліске шығып жатыр. Заңсыз митинг өткізді деген желеумен полиция қызметкерлері де топ болып жиналған адамдарды шетінен ұстап әкетуде.

Желтоқсан мен Төле би көшелерінің қиылысында наразылық танытқандардың арасынан 25 адам ұсталды. Төрт бірдей автозак адамдарды алып кетті. Олар Астана алаңына қарай сап түзеген топ болатын.

Абылай хан даңғылы жабылып, Астана алаңына қарай жүретін жолдарға кедергілер қойылуда.

Ал елордада 15 адам ұсталған.

Екі қалада да ғаламтор желісі ақырың істеп тұр.

Айта кеткен жөн, 21 қыркүйек күні ҚДТ (тыйым салынған ұйым) белсенділері қос қалада наразылық шарасын өткізіп, билікке талаптар қоюды жоспарлаған еді. Алайда митинг белгіленген күнге дейін құқық қорғау органдары наразылықты асқындырмас үшін 50 шақты белсендіні ұстап, олардың 30-на әкімшілік айыппұл салған болатын.

Vlast.kz