Weekend
Қателік пе, ақымақтық па?
Украинаның Киев облысы Гребенки ауылында бес жасар балаға әскери комиссариаттан шақыру қағазы келді. Бұл туралы "Страна.ua" хабарлайды.
Басылымның жазуына қарағанда, бес жасар баланың анасы әлеуметтік желілердің бірінде жергілікті әскери комиссариаттың әрекетіне шағымданып, жазба қалдырған екен.
- No comments... Менің ұлыма әскерге шақырту қағазы келді. Қалыпты жағдай. Бірақ ол бес жаста, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында алынған құжаттың суретін қоса сала отырып.
Құжатта баланың 23 қыркүйекке дейін жергілікті шақыру пунктіне келіп, есепке тұру керектігі жазылған. Өзімен бірге құжаттарын ала келуді бұйырған.
Кейін жергілікті комиссариат жіберген ағаттығы үшін кешірім сұрап, халық тізімінде баланың туған жылы дұрыс көрсетілмегендігін болған жағдай екендігін түсіндірді.