Саясат
Сауд Арабиясындағы шабуыл...
Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы және өндіруші саналатын Сауд Арабиясы үшін 14-ші қыркүйектегі оқиға үлкен ескерту болды. Өйткені дрондар мен зымырандар мемлекеттік мұнай компаниясына шабуыл жасап, олардың күн сайынғы мұнай жеткізілімін шамамен 50%-ға дейін қысқартып тастады.
Шиит-хусилер басқарған «Ансарулла» қозғалысының шабуылының күшті болғаны соншалықты - 17-шіқыркүйекте Сауд Арабиясының Энергетика министрі нарықтағы кейбір сұранысты қанағаттандыру үшін мұнай қорларын пайдаланатындығын мәлімдеді. Өндірістің қысқарғаны туралы хабардан кейін күн сайынғы жеткізілім 5,7 миллион баррельге түсетіндігі туралы жарияланды, соның нәтижесінде 16-шы қыркүйекте әлемдік биржада мұнай бағасы көтерілді.
Сауд Арабиясының мұнай кеніштеріне жасалған шабуылдар нәтижесінде Сауд Арабиясының өндірісінің екі есеге қысқаруы шикі мұнай бағасына едәуір қауіп төндірді, жағдай одан әрі нашарласа мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілуі ықтимал. Мұнай бағасының үздіксіз өсуі іскерлік белсенділік пен тұтынушылардың сеніміне әсер етіп, жаһандық сұраныстың бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Өз кезегінде, әлемдік өндірістің құлдырауы экспорттың өсуін әлсіретеді.
Шабуыл Сауд Арабиясыныңэкономикасына осындай үлкен әсер еткеніне қарап, неге АҚШ патриоттық жүйесі патшалықты Йемен дрондары мен зымырандарынан қорғай алмады деген орынды сұрақ туындайды.
Дүйсенбіде Түркияда өткен іс-шарада Путин сенбідегі шабуылға ұшырауды мазақ етті және Сауд Арабиясына S-400 қорғаныс жүйесін сатып алуды ұсынды.
- Өйткені бұл қорғаныс жүйесі Сауд Арабиясының барлық инфрақұрылымын сенімді қорғайды, - деді.
Араб елінің мүддесі үшін қару-жарақтарды әртараптандыру мақсатында АҚШ Сауд Арабиясымен 110 миллиард долларлық қару-жарақ туралы келісімге қол қойған болатын. Патриот жүйесінің хуситтердің шабуылына қарсы сәтсіздігі Үндістан мен Катарды қамтыған S-400 жүйесіне қызығушылық танытқан басқа елдерге Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін тартымды ете түсері анық.
Ең бастысы, бұл жағдай Түркияның санкцияға ұшырау қаупіне қарамастан S-400 қорғаныс жүйесін сатып алу үшін жасаған шешімін нығайта түсті.