Саясат

Жапония Ресеймен бейбіт келісімді талқылағысы келеді

Екі ел арасындағы бейбіт келісімнің жазылмағанына 70 жылдан астам уақыт өткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапония Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен бейбіт келісімді талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы NHK телеарнасына хабарлайды.

Жапон министрінің айтуынша, кездесу келесі аптада өтеді. Мотэги Лавровпен "ашық пікір алмасу" өткізуге ниетті екенін мәлімдеді. 

- Соғыстан кейін 70 жылдан астам уақыт бойы шешілмей келе жатқан бұл мәселе жапон-ресей қарым-қатынастарынан басқа Қиыр Шығыс пен Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықпен де байланысты, - деп атап өтті ол.

Ресей мен Жапония арасындағы бейбіт келісімге 70 жылдан астам уақыт қол қойылмай жүр.