Саясат
Үлкен ойыншылар - үлкен саясат
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Ресей мен Қытайды ұрыстырғысы келеді деп мәлімдеді. Бұл туралы ол "Жаһандық саясаттағы Ресей" журналында жазды.
Лавров "америкалық әріптестер" Ресей мен Қытайды ұстап тұру мақсатында, өзінің барлық сыртқы серіктестерін жұмылдыруға тырысатынын атап өтті.
— Бұл ретте Мәскеу мен Пекинді жанжалдастырғысы келетінін жасырмайды, — деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, АҚШ-тың басқа мақсаты - өздері бақылай алмайтын Еуразиядағы бірлікті бұзу.