Bugin

Арыста тағы да жарылыс: 10 сапер жарақат алды

Жарылыс 21 қыркүйек күні болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Арыс қаласынан 60 шақырым жерде жоспарлы жарылыс жұмыстарын жасау кезінде оқыс жағдай орын алған.

Яғни, "оқ-дәрі фрагменттері өзінен-өзі жарылып кеткен". Жараланған 10 әскери саперші далалық госпитальге жатқызылып, ем-дом жасалған.

- Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады министрлік.

Соңғы он жылда Арыс қаласында әскери оқ-дәрі сақталатын қоймалар мен оларды жоюға арналған жерде төрт рет жарылыс болып, бірнеше адам қазаға ұшыраған. Биыл маусымдағы жарылыстан кейін қорғаныс министрлігі әскери оқ-дәрінің "елдімекендерден аулақ жерге" көшірілетінін мәлімдеген.