Саясат
Бір жылға дейін
Баж салығынан уақытша тоқтатылған тауарларға 2018 жылы салық енгізілген болатын. Бұл тауарлардың салықтан босатылғаны жайлы 20 қыркүйек күні Американың Федералды қызметінің сайты жарияланды.
Атап айтқанда, қытайлық өнімдердің 437 түрі сауда салықтарынан босатылды. Оның ішінде пластикалық түтікшелер, иттерді жетектейтін баулар, үй жануарларына арналған науа мен рождестволық шыршаларға арналған гирляндалар да бар. Анықталғандай, кейбір өнімдерді тек қытайлық өндірушілерден ғана сатып алуға болатындығы белгілі болды.
Тізімдегі 38 өнімге ғана 2020 жылдың 7 тамызына дейін салық салынбайды. Ал қалғандары 1 жылға ғана жарамды.
Бұған дейін 20 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен ішінара сауда мәмілесіне келіспейтінін мәлімдеді. Америкалық көшбасшы сондай-ақ, мұндай келісімдерді 2020 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға дейін жасауға ұмтылмайтынын атап өткен еді.
АҚШ-Қытай сауда соғысы 2018 жылдың шілдесінен басталды. Вашингтон жылына 34 млрд доллар болатын 818 қытай тауарларының импорты үшін 25% баж салығын енгізді, өз кезегінде, Пекин де бұған қарсы шаралар қолданды.
2019 жылдың мамыр айында Вашингтон Қытайдың белгілі бір уағданы толық орындамағанына байланысты баж салығын тағы көтерді. Бұған жауап ретінде, Пекин де Америкадан келетін 60 млрд доллардың тауарына салынатын баж салығын көтеріп жіберді.