Weekend

Жалған махаббат немесе тауық сезім

Мағыналы өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаным деді,

Күнім менің асылым.

Сенен басқа ару қызды,

Іздеп едім,

Таппадым.

Сен жалғызсың,

Бар әлемдек тек біреу.

"Менің бағым болғаныңды,

Қалаймын.

Не қаласаң беремін,

Жұлдыз ба,

Ай ма керегі?

Қазір тоқта,

Ғарышқа барып келемін.

Гүл ме әлде керегі,

Көмемін сені гүлге.

Бірақ гүлдің сұлулығы,

Жете ме сенікіне.

Өмірімнің мәні мен мағынасы,

Тек сен ғанасың.

Ғұмырымның жалғасы", - 

деп үзіліп отыр жігіт,

Жаттанды сөзін арнап сұлуға.

Сұлу болса,

Аузын ашып таңырқап,

Сеніп отыр тамсана.

Қайдан білсін,

Жылпоздығын жігіттің…

…Алдында осы сөзді,

Айтып тұрған бір қызға.

Оның алды,

Бұл сөзді,

Естіді екен қанша қыз.

Қаңқу сөзбен батыр,

Болып көрінер.

Іске келсе. Несі өнер. 

Қыз сезімін қорласа,

Таза арын лайласа,

Қыз мұны қалай кешірер,

Құдай қалай кешірер…

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61