Саясат

Трамп Иранмен бейбітшілік туралы сөйлесуге келісті

АҚШ-Иран қарым-қатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Парсы шығанағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарымен танысуға дайын. Бұл туралы ол журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

- Мен әрқашан ашықпын, - деп атап өтті Трамп. 

Алайда Иранның басшылығымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында ешқандай кездесу өткізілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін Иран БҰҰ-ға Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазының қауіпсіздігі мәселесі бойынша аймақ елдерімен ынтымақтастық жөніндегі жобаны ұсынатынын хабарлаған еді. Бұл туралы Ұлттық теледидар эфирінде Президент Хасан Роухани мәлімдеді.