Bugin

Мемлекеттік органдардың қызметі нашар - Аружан Саин Тоқаевқа есеп берді

Әлеуметтік желіде жазба жариялаған Аружан Саин жасаған еңбектері жайлы есеп берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бала құқықтары жөніндегі президенттің құзіретті өкілі Аружан Саинның бұл пост-есебі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберілген.

- Бұл жазба – менің өткен айларда жасаған жұмыстарымның қысқаша есебі. Есеп құжаттармен бірге мемлекет басшысы мен Президент әкімшілігіне жібердім. Осы күнге дейін 25 жанұяға көмек көрсетілді. Қалған жанұялардың тағдыры Заң алдында жауапкершілігі мен міндеттері, адамгершілігі мен ар-ұяты бар адамдардың қолында, - деп жазады Саин.

Ауржан Саинның айтуынша, оның жұмысы мен қызметі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тікелей байланысты. Өйткені оның сұраныс хаттарына кейде мемлекеттік мекемелердің өзі де жауап бермейтін кездері болады.

- Бұл заңнаманы бұзу ғой. Президенттің өзі тағайындаған құзіретті өкілдің жіберген хаттарына жауап бермейтін мемлекеттік органдардың қарапайым азаматтардың өтініш хатына қалай жауап беретінін өздеріңіз түсіне беріңіз, - деп жазады Саин.

Есеп беру барысында құзіретті өкіл Аягөздегі интернат пен Маңғыстау облысында болған жыныстық зорлық-зомбылыққа алаңдаушылық танытып отырғанын жеткізген.

Одан бөлек, ДЦП-мен ауыратын балаларды сауықтыруға жіті көңіл бөлу керектігін айтқан.

- Індетті ерте анықтау мен сауықтырудың жаңа амал-тәсілдері керек. ДЦП-мен ауыратын балалардың белгісі, көбіне, 3 жастан кейін анықталып жатады, - дейді құзіретті өкіл.

Аружан Саинның ойынша, ауыр індеттердің кейбірін Қазақстанда емдеуге мүмкіндік бар. Бұған отандық клиникалар мен мамандардың еңбегі зор. Олар күрделі ауруларды емдеудің заманауи, жаңа технологияларын игеруге барынша тырысып жатыр.