Саясат

Неліктен Қытай Африканы құруға атсалысуда?

Қытайдың мұндай инвестициялары экономикалық тұрғыдан тиімді ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 қыркүйек, сенбі күні "Forbes" сайтында Нью-Йорктегі LIU Post экономика кафедрасының профессоры және төрағасы Panos Mourdoukoutas-тың "Неліктен Қытай Африканы құруға ат салысуда?" атты сараптамалық мақаласы жарияланды. 

Мақаланың негізгі мазмұны мынадай:

Қазір Қытай Африканың барлық жеріне көпір мен теміржолдар, порттар салып жатыр. Бұл - кезінде Еуропаның отарлаушы елдері жасай алмай кеткен ісі. 

Неліктен?

Сырттай қарағанда Қытай Африка континентін жаһандық картаға шығаруға және Африка елдерінде инфрақұрылымды дамытуға көмектесу үшін инвестиция салып жатқандай көрінеді.

Бұл - аталмыш елдердің экономикасының өсуі мен әлемдік экономикаға қосылуы үшін қажет нәрсе.

Астарына үңілер болсақ, жауап басқаша. Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты саяси және дипломатиялық ықпалға ие болу үшін Африкаға қаржы салуда.

- Бұл жобалар - қытай қаржыландырып, қытайдың мердігерлері мен жұмысшылары салып жатқан жобалар. Қытайдың негізгі мақсаты - ақша табуда емес, Африка елдері мен Қытай арасында ұзақ мерзімді саяси және дипломатиялық қатынастар орнату, -  дейді "Banyan Hill Publishing"-тың бас ғылыми сарапшысы және экономисті Тед Бауман. 

Мысалы, Қытай осындай дипломатиялық қатынастарды пайдаланып, Тайвань және Оңтүстік Қытай теңізі сияқты саяси даулы мәселелерді шешу кезінде Африканың қолдауына сүйенетін болады. 

Бірақ қытайдың мұндай инвестициялары экономикалық тұрғыдан тиімді ме?

Боуманның айтуынша, Қытай инвестицияларының көп бөлігі Африкадағы Нигерия мен Анголада шоғырланған, олардың мұнай салаларымен тығыз байланысты және қытай компанияларының коммерциялық инвестицияларымен ұштастырылған. Бұл елдерде Қытайдың энергетикалық жобаларға салған инвестициясы жалпы инвестициясының 30%-дан азын ғана құрайды, бірақ Қытайдың өз ішінде энергетикалық компанияларға салған инвестициялары қытай бизнесіне салынған жалпы инвестициялардың 60%-ын құрайды.

Бұл африкалық энергетикалық компаниялардың болашағы жөнінен алып қарағанда нені білдіреді? Бауман былай деп түсіндірді:

- Бұл - Қытайдың мемлекет қаржыландыратын энергетикалық инфрақұрылымдық жобаларды пайдалананып, Қытай компанияларының Африка энергетикалық компанияларына үстемдік етуіне жол ашып беру. Қытай үкіметі өзінің жобаларға қолдау көрсеткенін пайдаланып, Африка мұнайын Қытайға арзан бағамен экспорттайды. Бұл олардың африкалық серіктестеріне зиян әкеледі.

Бұл әрине Пекинге және энергетикалық секторды басқаратын жергілікті элиталарға пайдалы. Нигерия және Ангола сияқты Африканың энергия экспорттаушы елдерінде мұнай экспортынан түскен табысты элиталық қаржыландыру тәжірибесі бұрыннан бар.

Айнылып келгенде, Бейжіңнің Африкада қандай жобаларды салатынын және ол жобалар кім үшін қызмет ететінін Африка елдерінің өзі шешеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61