Weekend

«Чернобыль» сериалы Эмми сыйлығының ең үздік сериалы атанды

Үш марапат алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қыркүйектің 22 күні түні Лос-Анджелесте телевидение саласында 71-ші «Эмми» марапаттау рәсімі өтті. «Тақтар ойыны» – ең үздік драмалық сериал марапатын алса, ал HBO жобасы «Чернобыль» – ең үздік мини-сериал деп танылды.

1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы оқиғалар туралы «Чернобыль» сериалы тұсаукесер рәсімінде үш марапатқа ие болды. Ол жылдың үздік мини-сериалы деп танылып, номинациялары жағынан «Дундемор түрмесінен қашу» және «Өткір заттар» сияқты сериалдарды басып озды.Сонымен қатар, сериал режиссері Йохан Ренк пен сценарист Крэйг Мазин де марапатқа ие болды.

Салтанаттың басты фавориті бастапқыда 14 түрлі номинациямен «Тақтар ойыны» сериалы болған еді. Алайда ол екі номинацияға ғана ие болды: ең үздік драмалық сериал және екінші жоспардың үздік актері үшін (Питер Динклаг) Эмми алды.

Үздік комедиялық сериал – «Дрянь»;

Үздік драмалық сериал – «Тақтар ойыны»;

Үздік мини-сериал – «Чернобыль»;

Үздік телефильм – «Қара айна: Брандашмыг»;

Комедиялық сералдың режиссурасы – «Дрянь»;

Драмалық сериалдың режиссурасы – «Озарк»;

Мини-сериал немесе фильм режиссурасы – «Чернобыль»;

Комедиялық сериалдың сценарийі – «Дрянь»;

Драмалық сериалдың сценарийі – «Мұрагерлер»;

Мини-сериал немесе фильм сценарийі – «Чернобыль»;

Комедиялықсериалдағы үздік актер – Билл Хейдер, «Барри»;

Комедиялықсериалдағы үздік актриса – Фиби Уоллер-Бридж, «Дрянь»;

Комедиялық сериалдағы екінші жоспардың үздік актері – «Таңғажайып миссис Мэйзел» үшін Тони Шэлуб;

Комедиялық сериалдағы екінші жоспардың үздік актрисасы – «Таңғажайып миссис Мэйзел» үшін Алекс Борштейн;

Драмалық сериалдағы үздік актер – «Поза» үшін Билли Портер;

Драмалық сериалдағы үздік актриса – «Убивая Еву» үшін Джоди Комер;

Драмалық сериалдағы екінші жоспардың үздік актері – Питер Динклейдж,«Тақтар ойыны»;

Драмалық сериалдағы екінші жоспардың үздік актрисасы – «Озарк» үшін Джулия Гарнер;

Мини-сериал немесе фильмдегі үздік актер – Даррелл Джером, «Олар бізді көрген кезде»;

Мини-сериал немесе фильмдегі үздік актриса – Мишель Уильямс, «Фосси/Вердон».