Саясат
Ештеңе де мәңгі емес
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Әлемдегі ең көне Thomas Cook туристтік фирмасы өзінің жұмысының тоқтатылғаны туралы жариялады. Қазіргі уақытта бүкіл әлем 600 мың клиенті бар.
Компания бұрыннан қаржылық қиындықтарға тап болған және соңғы уақытта негізгі акционері - Қытайдың Fosun Tourism Group-мен кредиторлармен қарызды қайта құрылымдау туралы келіссөздер жүргізді.
- Алайда келіссөздерден ештеңе шықпады. Содан компанияны мәжбүрлеп таратудан басқа амал қалмады, - делінген компанияның мәлімдемесінде.
Thomas Cook компаниясының басшысы Питер Фанкхаузер және директорлар кеңесінің басқа да мүшелері компанияның "миллиондаған клиенттерінен, мыңдаған қызметкерлерінен, жеткізушілері және серіктестерінен" кешірім сұрады.
- Бұл - пакеттік демалыстың пионері болған және бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үшін саяхат жасауға мүмкіндік берген компания үшін өте қайғылы күн, - дейдіФанкхаузер.
Әлемдегі ең танымал туристік брендтердің бірі Thomas Cook туроператорының негізін 1841 жылы Лестерширде Томас Кук есімді азамат салған. Компания туристтік қызмет көрсету саласында әлемдегі ең көне болып саналады.
Компанияның сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ол жылына 22 млн туристке қызмет көрсеткен, оның иелігінде 200 қонақ үй мен 105 әуе кемесі бар.
Thomas Cook-тің таратылуына байланысты әлемнің 16 елінде 20 мыңға жуық адам, оның ішінде 9 мыңға жуығы Ұлыбританияда жұмыстарынан айырылады.