Саясат

Вячеслав Володин Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетінін мәлімдеді

Вячеслав Володин жоспарын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясы Федералды жиналысы мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетінін хабарлады.

"Мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді жоспарлап отырмын", - деді Володин 24 қыркүйекте басталатын Еуразия парламенттері спикерлерінің кеңесі қарсаңындағы екіжақты кездесулер барысында.

Ресей делегациясының басшысы Вячеслав Володин қатысушы елдер парламенттерінің спикерлерімен, оның ішінде Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және сенат спикері Дариға Назарбаевамен келіссөздер жүргізуде.

Биылғы кездесудің тақырыбы "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" деп белгіленді.

Іс-шара Тәуелсіздік сарайында өтеді, оған әлемнің 60 елінен парламент басшылары, оның ішінде 38 елден 39 спикер және 12 елден вице-спикер қатысады.

Сондай-ақ кеңеске 13 халықаралық парламенттік ұйымның өкілдері келді.  

sputniknews.kz