Саясат

Қытай билігі мешіттерді қиратып жатыр

Көне мәдениеттің жәдігерлерін құртып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай билігі мешіттер мен мұнараларды шетінен қирата бастады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Independent басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Хэнань, Ганьсу провинциялары мен Ішкі Моңғолия, Нинси аймақтарындағы мешіттер қиратылған. Әсіресе, мұсылмандар көп қоныстанған, "кіші Мекке" атанып кеткен Линьси қаласындағы мешіттердің күмбезі мен мұнаралары құлатылып жатқаны жанға батады. Өйткені мұндағы мешіттер көне мәдениеттің үлгілері болатын.

Одан бөлек, Юньнань провинциясындағы үш үлкен мешіт жабылып, бүкіл елде араб жазуын (төте жазу) қолдануға тыйым салынды. Жергілікті мұсылмандарды лагерьге қамау жиілеп кетті.   

Ал қытай билігінің өзі "мұсылмандарды лагерьге күштеп қамап жатыр" деген ақпаратты өтірік деп, мұны "кәсіби оқыту" деп атаған еді.

Былтыр БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы жабық лагерьде 1 миллионға жуық адамның қамауда жатқанын хабарлаған болатын. Оларға Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің идеялары оқытылып, қытай тілі үйретіліп жатыр. Ал Пекин билігінің өзі мұны лаңкестік әрекеттердің алдын алу үшін жасап жатқан шарамыз деп түсіндіріп отыр.