Саясат
Иран Сауд Арабиясының мұнай шабуылына қатысты жаңа айыптарды жоққа шығарады
Иран осы айдың басында «Сауд Арабиясының мұнай зауыттарына шабуыл жасады» деп айыптаған Франция, Германия және Ұлыбритания басшыларының бірлескен мәлімдемесін қабылдамады. Бұл туралы BBC хабарлайды.
Иранның сыртқы істер министрі оларды «АҚШ-тың бейсана мәлімдемесіне қолдау білдірді» деп айыптайды.
Ал Еуропа лидерлері Сауд Арабиясының мұнай өндірісінің тоқтап қалуына басқа себеп табылмағанын айтады.
Иранмен байланысқан хуситтік йемендік көтерілісшілер 14 қыркүйектегі шабуылға жауапкершілікті өз мойындарына алса, ал Иранның өзі бұл әрекетті жоққа шығарып отыр.
Он сегіз дрон және жеті қанатты зымыран мұнай кен орны мен байыту фабрикасына соққы берген болатын. Корольдікке көп әскерлерін жіберіп жатқан АҚШ сияқты Сауд Арабиясы да бұл шабуылға Иранды айыптады.
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон, Франция президенті Эммануэль Макарон және Германия канцлері Ангела Меркель Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында мәлімдеме жасады.
- Иранның бұл шабуылға жауапты екені бізге анық. Шындыққа келетін басқа түсініктеме жоқ. Сол үшін тергеу жүргізу қажет, - деді олар.
- Иранның ядролық қарудан бас тартып, келісімге келетін уақыты келді, - делінген хабарламада.
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс президент Дональд Трамп өткен жылы келісімнен шығып, санкцияларды қайта енгізгеннен кейін ушыққан болатын.
Кейінірек дүйсенбіде Джонсон мырза Иранды жаңа ядролық келісім жасауға шақырды.
Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф әлемнің державаларымен жаңа келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығарып, үш еуропалық серіктесті АҚШ-тың шандайшаптары деп атады.
Иран АҚШ пен оның одақтастарына Сауд Арабиясындағы шабуылға әскери жауап қайтару туралы ескерту жасап, «кез-келген агрессияға жауап беруге дайынбыз» деп мәлімдеді.