Саясат

16 жастағы қыз саясаткерлерді сынға алды

БҰҰ алаңында сөз сөйлеген жасөспірім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір Грета Тунберг есімді жасөспірім әлемге танымал адамға айналды. 

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі саммитін ұйымдастырушылар оны Нью-Йоркте сөз сөйлеуге шақырды.

- Мен бұл жерде болмауым керек, мен өз елімде, мұхиттың ар жағында, мектепте болуым керек. Бірақ сіздер бізге, жастарға, үміт артасыздар ма? Қалай дәтіңіз барады! Сіздер менің армандарымды, менің балалық шағымды бос сөздеріңізбен ұрлап алдадыңыздар! Менің жолым болды! Адамдар зардап шегіп жатыр, адамдар өліп жатыр, тұтас экожүйелер қирап жатыр, жануарлар мен өсімдіктер жаппай жойылып кетуінің алдында тұр, бірақ сіздер экономиканың өсуі мен ақша жайлы сөйлей аласыздар. Қалай дәтіңіз барады! - деді ол климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған БҰҰ саммитіне қатысушыларға.

- Ғалымдар климаттың өзгеріп бара жатқанын айтып, ескертіп жатыр. Алайда шенеуніктер мен билік бұған мән беріп отырған жоқ. Экологтар ауаға таралған зиянды қалдықтарды азайтудың қаншама жолын, амалын ұсынса да, билік былқ етпейді, - деп атап өтті Грета.

- Сіздер біздің үмітімізді ақтамадыңыздар. Біз сіздердің сатқын екендеріңізді түсініп жатырмыз. Болашақ ұрпақтың назары сіздерге бағытталған. Егер сіздер бізді алдап жүрсеңіздер, біз ешқашан кешірмейміз. Әлем оянып жатыр. Сіз мұны қаласаңыз да, қаламасаңыз да, өзгерістер басталды, - деп қорытындылады ол.

2018 жылдан бастап Тунберг парламент ғимаратының жанында Климаттық ереуіл ұйымдастыру үшін мектепке бармай қойған. Осылайша ол атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын қысқартуды талап еткен еді.

16 жастағы Грета Тунберг жастығына қарамастан Нобель сыйлығының номинанты болып, сондай-ақ Давоста және британдық Парламентте сөз сөйлеп, GQ нұсқасы бойынша "жыл адамы" атанған.

Тунберг БҰҰ саммитіне қатысу үшін Атлантикалық мұхитты яхтамен жүзіп өтті. Ұшақта ұшудан бас тартқан. Өйткені ол планетаның экологиясына зиян келтіреді.